Ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу туралы семинар-кеңес өтті

Ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу туралы семинар-кеңес өтті

2020 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстандағы мемлекеттік аудитті жетілдіру және PEMPAL ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу бойынша "ZOOM" сервисі арқылы семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі К.Ф. Плотников, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаев, PEMPAL ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың өкілдері, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі полиция департаменттерінің басшылары (бұдан әрі - ІАҚ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Аталған семинар-кеңесте мемлекеттік ішкі аудит саласындағы заңнамадағы өзгерістер қаралды, сондай – ақ КОВИД-19 пандемиясы кезінде ішкі аудит жөніндегі мәселелер талқыланды, ішкі аудит тиімділігінің негізгі көрсеткіштері және ішкі аудит сапасын қамтамасыз ету  жөнінде айтылды.