Қостанай облысы бойынша жария мүдделі ұйымдардың Депозитарийге қаржылық есептілікті және қаржылық есептілігіне аудиторлық есебін уақтылы ұсыну мониторингі

Қостанай облысы бойынша жария мүдделі ұйымдардың Депозитарийге қаржылық есептілікті және қаржылық есептілігіне аудиторлық есебін уақтылы ұсыну мониторингі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1173 қаулысымен бекітілген Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларына сәйкес, жария мүдделі ұйымдар (одан әрі – ұйымдар) ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға заңнамада  тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Аудит міндетті болып табылатын ұйымдар ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ электрондық форматтағы аудиторлық есепті ұсынады.

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша депозитарий жүргізу жөніндегі уәкілетті орган «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ деректері бойынша Қостанай облысының  21 ұйымы жылдық қаржылық есептілікті және 12 ұйымы жылдық қаржылық есептілікке аудиторлық есепті ұсынбады.

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмаларын орындау және мәліметтерді талдауды жүргізу мақсатында Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (одан әрі – Департамент) келесі шаралар қабылданды:Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (одән әрі – ҚР ӘҚБтК) 239 бабының 1-бөлігінің 2 тармақшасы мен 2 бөлігі және 250 бабына сәйкес,   13 ұйымға қатысты әкімшілік іс-жүргізу қозғалды және  жалпы сомасы 3,0 млн. тенге айыппұлға 15 қаулы шығарылды.

2020 жылдың 20 қараша жағдайы бойынша жария мүдделі ұйымдармен бюджетке сомасы 1,5 млн. теңгеге  әкімшілік айыппұл төленді.