
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ЖАО ІАҚ) қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасымен Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - ІМАД) және Маңғыстау облысының полиция Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңесте ЖАО ІАҚ жоспарлы бағалау қорытындылары, сондай-ақ аудиторлық іс-шара материалдарына жүргізілген сапа бақылауы мәселелері қарастырылды.
Объектілерді сапалы алдын-ала зерделемеу, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызметін талдаудың толық болмауы, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізудің Стандарттары мен Қағидаларының жекелеген талаптарын сақтамау негізгі проблемалар мен жүйелі кемшіліктер болып табылады.
Ішкі аудит қызменінің жұмысын бағалау қорытындысын ескере отырып, Комитетпен аудиторлық қызмет нәтижелілігінің сапасын арттыруға, ақпараттық дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, Аудит жөніндегі кеңестердің рөлін күшейтуге, тексеру қамтуларын кеңейтуге, сондай-ақ оларды жүргізудің электрондық форматын пайдалануға бағытталған ұсынымдар әзірленді және берілді.
Комитет ІАҚ қызметін үйлестіруді, оның ішінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді жалғастыратын болады.