Maqsut Narikbayev University студенттеріне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызмет бағыттары таныстырылды

Maqsut Narikbayev University студенттеріне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызмет бағыттары таныстырылды

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жоғары оқу орындарының студенттері үшін кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізуді жалғастыруда. Кезекті онлайн-кездесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде Maqsut Narikbayev University-дің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Оразбай М.А. қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдарының негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды. Мемлекеттік қаржы саласындағы реформаларға, дәстүрлі бақылау моделінен басқарудың заманауи цифрлық экожүйесіне көшуге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, студенттерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жас мамандарды тарту және дамытуға бағытталған кадр саясаты туралы айтылды. Қатысушылар өндірістік практикадан өту шарттарымен, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен, тәлімгерлік жүйесімен, сондай-ақ Қаржы министрлігі органдарындағы кәсіби және мансаптық өсу перспективаларымен танысты.

Кездесу соңында Департамент басшысы студенттердің мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, кандидаттарды конкурстық іріктеу ерекшеліктері, тестілеу мен әңгімелесуден өту рәсімдері, сондай-ақ Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиядан өту тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар конкурс рәсімдеріне дайындалу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Мұндай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ студенттердің мемлекеттік қызметте кәсіби тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерімен танысуына жағдай жасайды.