Қазақстан Республикасындағы ішкі мемлекеттік аудит саласындағы заманауи заңнамалық өзгерістер Мемлекет басшысы жүргізіп отырған мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік секторды ауқымды цифрлық трансформациялау жағдайында бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылуын бақылау тетіктерін жетілдіру ерекше маңызға ие болуда.
Осыған байланысты 2025–2026 жылдары ішкі мемлекеттік аудит жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл үдеріс заманауи цифрлық құралдарды енгізуге, тәуекелге бағдарланған тәсілді дамытуға және бақылау іс-шараларының сапасын арттыруға бағытталған.
Реформалардың негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, деректерді талдау мен бақылау рәсімдерін цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік беретін электрондық мемлекеттік аудитті дамыту болып табылады.
Мұндай тәсіл бұзушылықтарды жедел анықтау тиімділігін арттыруға, аудит объектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және қаржылық бақылау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Заңнамалық жаңашылдықтар сондай-ақ нақты бақылау тетіктерін одан әрі дамытуды көздейді. Атап айтқанда, объектілерді қарап-тексеру, бақылау өлшемдерін жүргізу және орындалған жұмыстардың, жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нәтижелерін растау үшін бейінді мамандарды тарту көзделген.
Сонымен қатар мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың неғұрлым маңызды бағыттарына бақылау іс-шараларын шоғырландыруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді талдау құралдары жетілдірілуде.
Іске асырылып жатқан өзгерістер мемлекеттік басқаруды цифрландырудың заманауи үрдістерін көрсетеді және деректерді пайдалану, қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен қаржылық бұзушылықтардың алдын алу қағидаттарына негізделген тиімді ішкі мемлекеттік аудит жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Нәтижесінде мемлекеттік ресурстарды басқару сапасы артып, қаржылық тәртіп нығаяды және ашық әрі тиімді мемлекет қағидаттарының одан әрі дамуы қамтамасыз етіледі.