
Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының, сондай-ақ Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген ішкі аудит жүргізу қағидаларының және Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және түсіндіру болды.