
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Департамент басшысы Оразбай М.А. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оған бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметі таныстырылып, мемлекеттік қаржы жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар және қатаң бақылаудан цифрлық экожүйеге көшу бағытына ерекше назар аударылды. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге Қаржы министрлігінің қазіргі заманғы адамға бағдарланған кадрлық саясатын таныстыру болды. Бұл саясаттың миссиясы тек дарынды түлектерді тарту ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби дамуына жағдай жасау – тәлімгерлік, оқыту және мансаптық өсу арқылы қолдау көрсету болып табылады.
Іс-шара аясында студенттерге Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметі туралы ақпараттық буклеттер табысталды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарымен одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ болашақ түлектердің кәсіби бағдарлану деңгейін арттыруға ықпал етеді.