2026 жылғы 22–23 сәуір күндері Самарқанд қаласында ТМД-ның жекелеген елдерінің қаржы органдары өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қаржыны басқару саласында тәжірибе алмасуға арналған IV Халықаралық конференция өтті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Тәуекелдерді басқару басқармасының басшысы Олжас Нұқаев «Бюджеттік тәуекелдерді басқару: цифрлық аудиттегі Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Сөз сөйлеу барысында цифрлық аудитті және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу тәсілдері, оның ішінде онлайн бюджеттік мониторингте жасанды интеллект элементтерін пайдалану мәселелері таныстырылды. Аталған шешімдер бюджет процесінің бастапқы кезеңдерінде тәуекелдерді анықтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Ұсынылған тәжірибе Конференция қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бірқатар елдердің делегациялары Қазақстанның цифрлық шешімдерінің практикалық маңыздылығын атап өтті.
Конференция тәжірибе алмасу және бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдерін талқылау алаңына айналды.