
Астана қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Оразбай Мұрат Асқарұлы FIBAA халықаралық сыртқы сарапшылар тобының кездесуіне қатысып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің негізгі жұмыс берушілерінің бірі және тұрақты серіктесі ретінде қатысты.
Кездесу барысында әрі қарайғы ынтымақтастықты дамыту және оқу бағдарламаларын, соның ішінде «Мемлекеттік аудит» мамандығын жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды. FIBAA сарапшылары мұндай ортақ шаралар білім сапасын арттыру және түлектердің кәсіби ортаға сәтті бейімделуі үшін маңызды екендігін атап өтті.
Департамент «Мемлекеттік аудит» кафедрасымен жүйелі түрде ынтымақтастықты жалғастырып, мамандар даярлауға қатысып, оқу бағдарламаларын бағалай отырып және олардың тәжірибесі мен еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Айта кету керек, сонымен қатар, кездесуге Санкт-Галлен университетінің қаржы және есеп бойынша доктор, профессоры - Андреас Грюнер (Швейцария), Бремен қолданбалы ғылымдар университетінің бизнес әкімшілігі, соның ішінде бухгалтерлік есеп және контроллинг бойынша доктор, профессоры - Штефан Вайт (Германия), IU Халықаралық университетінің маркетинг және туризм басқару бойынша доктор, профессоры - Бибиана Грассингер (Германия) және басқа да профессорлар қатысты.