2020 жылғы 30 қазанда Алматы қаласы бойынша ІМАД басшысы Рахымжан Ділдаев " Аntikor.Live»
Тікелей эфир барысында Ділдаев Рахымжан Департамент қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.
2020 жылдың 9 айында 42 аудиторлық іс-шара өткізілді, прокуратура, қылмыстық қудалау органдарының тапсырмалары бойынша, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша мамандардың 11 қорытындысы берілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 38 815,6 млн.теңгені құрады.
Қаржылық бақылаудың қабылданған ден қою шараларының нәтижелері бойынша бюджетке 2 899,6 млн.теңге өтелді және бухгалтерлік есеп, жұмыстарды, қызметтерді орындау және тауарларды жеткізу бойынша қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасынан 16,1 млн.теңге сәйкес келтіруге жатады, олар аудит объектілерімен толық көлемде жойылды.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 2020 жылдың 9 айында 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды