Меңдібаев Берік Мұхтарұлы Түркістан облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды

Меңдібаев Берік Мұхтарұлы Түркістан  облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды

Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Берік Мұхтарұлы Меңдібаев Түркістан облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Комитет төрағасы Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов таныстырды.

Берік Меңдібаев 1978 жылы Шымкент облысында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Агроөнеркәсіп кешенінің Экономист-менеджері" мамандығы бойынша тамамдаған. Сертификатталған мемлекеттік аудитор.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жыл.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы қызметін Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында бас маманы-бас бақылаушы-тексерушісі ретінде бастады. Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласы бойынша ІМАД бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

Түркістан облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы бойынша ІМАД басшысының орынбасары қызметін атқарды.