Қаржы министрлігі бақылауды нығайтып келеді: Құрылыс келісімшарттарының төлемдері қашықтан қадағаланады  

Қаржы министрлігі бақылауды нығайтып келеді: Құрылыс келісімшарттарының төлемдері қашықтан қадағаланады   

Қазақстанның Қаржы министрлігі бюджет қаражатының негізсіз төленуінің алдын алу мен мемлекеттік сатып алу процесіндегі жауапкершілікті арттыру мақсатында аталған салада камералды бақылауды күшейте түсті. Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша сатып алу келісімшартындағы міндеттемелердің тиісінше орындалуын онлайн режімде бақылауды қамтамасыз ететін қосымша тәуекел бейіндері жолға қойылды.

Осыған байланысты қанатқақты режімде төлемдер жасалғанға дейін іске асырылатын құрылыс саласындағы орындалған жұмыс актілеріне камералды бақылау функционалын іске қосу қолға алынды.

Егер де атқарылған жұмыстарды растайтын құжаттарға қатысты кемшіліктер анықталған жағдайда Ішкі мемлекеттік аудит комитеті оларды жою бойынша міндетті түрде орындалуға тиіс хабарламаны жолдайтын болады.

Аталған шараларды іске асыру келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуын проактивті форматта бақылауға мүмкіндік береді.