Қостанай облысы бойынша ІМАД 121 аудиторлық іс-шаралар өткізіп, 11 848,78 млн.теңге қамтылды

Қостанай облысы бойынша ІМАД 121 аудиторлық іс-шаралар өткізіп, 11 848,78 млн.теңге қамтылды

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылғы 9 ай бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторларымен  2020 жылғы 9 ай бойынша 121аудиторлық іс-шаралар өткізілді, олардың барысында 11 848,78 млн.теңге қамтылды.

Сомасы 1 524,4млн. теңгеге бюджеттік заңнаманың бұзушылықтары анықталды, соның ішінде: сомасы 651,8 млн. теңге - қаржылық бұзушылықтар және сомасы 872,6млн. теңге - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған іс-шаралармен бюджетке қалпына келтірілуге және өтелуге тиісті 699,2млн. теңгеден қалпына келтірілгені және өтелгені 657,1 млн. теңге немесе 93,9%.

Бұдан басқа, сомасы 2 607,1 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудағы бұзушылық анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына әсер еткені – 2 379,9 млн. теңге. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сомасы 11 674,6 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы 328 хабарлама жіберілді.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы 86 нұсқама жіберілді.Жіберілген бұзушылықтар үшін 78 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына сомасы 251,1млн. теңгелік 4 аудит материалы жіберілді.