Ақмола облысы бойыншна Ішкі мемлекеттік аудит департамнтінің басшысы тағайындалды

Ақмола облысы бойыншна Ішкі мемлекеттік аудит департамнтінің басшысы тағайындалды

Шарап Сәдуақасов 1982 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап ауылында дүниеге келген. Тұран - Астана университеті мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдап шыққан. Мемлекеттік аудитор.

Қаржы және мемлекеттік басқару саласындағы еңбек жолын 2006-2016 жылдары құрылыс саласында басшылық лауазымдарда бастады.

2016 жылы Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік сатып алулар аудиті бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Қаржы және бюджет комитетінде қызметті қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы болды.

Ал 2018 жылдан 2022 жылға дейін мемлекеттік органдарында басшылық қызметтерді  атқарды.

2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.