Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарға арналған кеңейтілген мәжіліс өтті

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарға арналған кеңейтілген мәжіліс өтті

23 қазанда Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларға арналған кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі Айнагүл Карипова және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық, құрылымдық бөлімшелерінің  басшылары қатысты. 

Мәжілісті ашқан Комитет төрағасы  Берік Нәжімиденов: «Әлемді дүрліктірген короновирус пандемиясына қарамастан, Комитеттің жұмысы бір күн де тоқтаған жоқ. Жоспарланған барлық істер  орындалып жатыр. Нақтырақ айтсақ, биыл 10 ақпанда біз «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң шыққан кезден бері бірінші рет Мәжіліс депутаттарымен бірге Үкіметтік сағат өткізіп, онда аталған Заңның елімізде енгізілу барысын, мемлекеттік аудиттің даму барысын талқыладық. Депутаттардың ұсынымдары біртіндеп орындалып жатыр. Мысалы: мемлекеттік аудиторлардың жалақысы бірінші шілдеден бастап 70%-ға өсті, қараша айында мемлекеттік аудиторларды АССА халықаралық сертификатына оқыту басталады» деді алғысөзінде.

Мәжіліс барысында төраға орынбасары Алмас Кавкитаевтың ІМАК-тың 2020 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысына арналған баяндамасы тыңдалды. Төменде осы баяндаманың үзінді келтірдік:

Аталған кезеңде аудитпен 785 млрд. теңге сомасына бюджет қаражаты қамтылды, бұл өткен жылғы кезеңнен 192 млрд.теңгеге немесе 32% – ға артық (2019 жылдың 9 айында-593 млрд. теңге).

Есепті кезеңде барлығы 177,5 млрд. теңге қаржылық бұзушылық анықталды, оның ішінде жоспарлы тексерулердің әсері 74% - ды немесе 131,2 млрд.теңгені құрайды.

166 млрд.теңгеге немесе 93,5% қаржылық бұзушылықтар жойылды, қаржылық тәртіпті бұзғаны үшін бір жарым мыңнан астам тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 511 - әкімшілік, 997 - тәртіптік.

Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық тергеу органдарына 193 материал берілді, онда 131-і немесе 68% - ы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Дағдарысқа қарсы қаражат аудитін жүргізу ерекше бақылауға алынған.

Аудитке: Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша төлемдерді өтеуге; ТЖ кезеңінде азаматтардың жекелеген санаттарын азық-түлік-тұрмыстық жинаумен қамтамасыз етуге; "Ауыл-Ел бесігі" жобасын іске асыруға және денсаулық сақтау жүйесін қолдауға (карантиндік іс-шараларды жүргізуге және денсаулық сақтау объектілерін салуға тартылған Денсаулық сақтау қызметкерлерін ынталандыру); сондай-ақ ҚР Үкіметінің резерві шеңберінде кезек күттірмейтін шығындар трансферттері ұшыраған.

Қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу үшін маңыздылық деңгейі бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың 15 әкімшісі іріктелді. Сонымен, 12,2 трлн.теңге немесе баланс валютасының жалпы сомасының 67% - ы (18,2 трлн.тг.) нақты уақыт режимінде аудит жүргізілді.