Байдурин Марат Серікұлы Қарағанды облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды

Байдурин Марат Серікұлы Қарағанды облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды

Байдурин Марат Серікұлы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Қарағанды облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ІМАК төрағасы Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов таныстырды. 

Марат Байдурин С.Орджоникидзе ат. Мәскеу басқару инстутитын, Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды экономикалық университетін тамамдаған.  Сертификатталған мемлекеттік аудитор. Экономика ғылымдарының докторы.

1997-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте әр түрлі лауазымдарда, одан кейін 2009-2020 жылдары  білім және ғылым саласында жұмыс істеген. 

Қарағандылық департаменттің басшылығына тағайындалғанға дейін ҚР БҒМ "Өрлеу "Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.