
2025 жылғы 21-23 қазан аралығында Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) PEMPAL Ішкі аудит қауымдастығы мен Молдованың Қаржы министрлігімен бірлесіп отырыс өткізді, кездесу барысында «Тәжірибедегі аудит» және «Үйлестіру жөніндегі орталық бөлімшелер үшін сын-қатерлері» тақырыптары талқыланды.
Іс-шара PEMPAL мүшесі болып табылатын 24 елдің ішкі аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілдерін, оның ішінде Қазақстан, Венгрия, Грузия, Чехия, Хорватия және Түркия, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады.
Қазақстан Республикасынан бұл отырысқа Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары А.Б.Каймолдинова және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Р.А.Төрегелдиев қатысты.
Қатысушылардың басты назары жаһандық ішкі аудит стандарттарына (GIAS) сәйкес ішкі аудитті стратегиялық жоспарлауды келісу бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жекелеген елдерде қол жеткізілген практикалық нәтижелерді талқылауға аударылды.
Бұдан басқа, қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген, Тиімділік және орнықты даму аудиті жөніндегі басшылықтарды қарады.
Кишиневтегі PEMPAL ІАҚ жұмыс топтарының отырысы бірыңғай кәсіби тәсілдерді енгізуге және өңір елдерінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыруға ықпал ете отырып, ішкі аудит саласында тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.