Астанада мемлекеттік сектор үшін AWS Innovation Day халықаралық конференциясы өтті

Астанада мемлекеттік сектор үшін AWS Innovation Day халықаралық конференциясы өтті

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері мемлекеттік секторға арналған AWS Innovation Day халықаралық конференциясына қатысты.

Іс-шараны qCloudy компаниясы Amazon Web Services (AWS) компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды және бұл 2025 жылы Қазақстанда бұлттық инновациялар мен жасанды интеллект саласындағы негізгі оқиға болды.

Конференция аясында жетекші әлемдік сарапшылар, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдері AWS гибридті шешімдерін енгізу тәжірибелері, жасанды интеллект пен заттар интернетін қолдану мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік басқаруда цифрлық технологиялардың даму болжамдарын талқылады.

Конференцияда мемлекеттік құрылымдардың қызметіндегі тиімділік, ашықтық және есептілік мәселелеріне бұлттық шешімдер мен деректерді зияткерлік өңдеу жүйелерін енгізу арқылы қол жеткізуге ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шараға қатысу жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасуға және мемлекеттік секторда цифрландыру мен инновациялық технологияларды енгізу саласындағы кәсіби құзыреттерді кеңейтуге ықпал етеді.