Елордада «Қазақстан e-gov-тан ai-gov-қа дейінгі жолда: қалай серпіліс жасауға болады?» тақырыбында Astana Open Dialogue форумы өтті.
Форум спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен министрлері, Мемлекет басшысы жанындағы жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің мүшелері, халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ технологиялар мен инновациялар саласындағы отандық және әлемдік бизнес көшбасшылары сөз сөйледі.
Іс-шара аясында жасанды интеллектті мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу, оның әлеуметтік салаға ықпалы, еңбек нарығындағы қауіптер және e-Gov-тен AI-Gov-қа көшу жағдайында бейімделу стратегиялары сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Форумға Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қатысты. Бұл форум жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік органдар қызметіне тиімді интеграциялау бағытында пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және нақты шешімдер қабылдауға арналған маңызды алаң болды.
Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз қызметінде үздік басқарушылық және бақылау тәжірибелерін енгізу мақсатында кәсіби және сараптамалық қауымдастықпен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыратын болады.