ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Төрағасы Е.Т. Мынжасаровтың бұйрығымен Астана қаласы бойынша Департамент басшысы М.А. Оразбай Комитет қызметін цифрландыру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс тобының құрамына енгізілді.
Еске сала кетейік, мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттерінің бірі – цифрлық экожүйені қалыптастыру, жасанды интеллектіні дамыту және мемлекеттік үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл басымдықтар Комитеттің Жол картасында да көрініс тапқан.
Онда аудиттік рәсімдерді цифрландыру, мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік жоспарлауды бақылау, нақты секторда алдын ала бақылау жүргізу, бағалау қызметін автоматтандыру, бюджетті онлайн-мониторингтеу және қаржылық есептілік аудитін жүргізу көзделген.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру ішкі мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттырып, елдің цифрлық трансформациясының стратегиялық міндеттеріне сай болуға мүмкіндік береді.