БҚО департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жөнінде семинар өтті

БҚО департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жөнінде семинар өтті

БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қызметкерлермен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. БҚО бойынша ІМАД басшысы Қабдыраш Б.С., БҚО бойынша Ұлттық бюроның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. И. Самет баяндама оқыды.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсер етуі мүмкін ішкі және сыртқы факторлар қозғалды. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі қағидаттары, себептері мен салдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін жауапкершілік, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану түсіндірілді.