Қаржы министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен Есдәулетов Ілияс Жандарбекұлы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ашуев Айдын Жұмабекұлы мен ІМАК төрағасы Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов таныстырды.
Ілияс Есдәулетов Қаржы министрлігі жүйесінде 10 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында 5 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.
Астаналық департаменттің басшылығына тағайындалғанға дейін Ілияс Есдәулетов Түркістан облысы бойынша ІМАД-ты басқарған.