Қасымов Сәкен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды

Қасымов Сәкен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды
Қаржы министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен Қасымов Сәкен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.  Жаңа басшыны ұжымға ІМАК төрағасы Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов таныстырды.
Сәкен Жұмағалиұлы Қаржы министрлігі жүйесінде 16 жыл жұмыс істеп келеді.
Бұған дейін Орталық аппаратта  сарапшы, бас сарапшы болған. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшы орынбасары қызметін атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы департаментін басқарған.