Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппараты басшысының бұйрығымен Оразбай Мұрат Асқарұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Мурат Оразбай – мемлекеттік аудитор, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын жетекші маман қызметінен бастап, мемлекеттік аудит жүйесінде және орталық мемлекеттік органдарда мол тәжірибе жинақтады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі басшылық және сарапшылық лауазымдарды атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңа басшыны ұжымға Эрнар Бөрібайұлы Ержанов таныстырып, департамент қызметінің негізгі басымдықтарын атап өтті және қойылған міндеттердің сәтті орындалуына ізгі тілектерін білдірді.