Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің алты айлық жұмысының қорытындысы бойынша есептік брифинг өтті. Іс-шара барысында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы бақылау қызметінің негізгі нәтижелері ұсынылды.
2025 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Департамент 47 аудиттік іс-шара жүргізіп, олардың барысында жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам заңбұзушылықтар анықталды. Тексерулер қаржылық есептілікке де, мемлекеттік сатып алулар рәсімдеріне де қатысты болды.
Атап айтқанда, келесі заңбұзушылықтар тіркелді:
Қаржылық заңбұзушылықтар — 1,8 млрд теңге сомаға;
Рәсімдік заңбұзушылықтар — 6,711 млрд теңге сомаға;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу — 1,5 млрд теңгеден астам сомаға.
Тексеру нәтижелері бойынша аудит объектілеріне анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 38 нұсқама жолданды. Оның ішінде 23-і толық көлемде орындалды.
Камералдық бақылау да айтарлықтай көлемді қамтыды: тексеруге жататын 14 611 мемлекеттік сатып алудың ішінде 249,7 млрд теңге сомасына 14 340 лот немесе жалпы санының 98,1%-ы бақылаумен қамтылды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде аудит объектілеріне жалпы сомасы 20,3 млрд теңгеге 1 216 заңбұзушылық туралы хабарлама жіберілді. Жауаптар негізінде олардың 1 187-сі (жалпы санының 97,6%-ы) немесе 19,9 млрд теңге сомасына орындалуға тиіс деп танылды.