Солтүстік Қазақстандық аудиторлар 8 млн. теңгенің жымқырылғанын анықтады

Солтүстік Қазақстандық аудиторлар 8 млн. теңгенің жымқырылғанын анықтады

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Аққайың ауданының аграрлық колледжінде аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде бас бухгалтердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін бұза отырып, өзіне жалпы сомасы 7 940 мың теңгеге жалақы түріндегі ақша қаражатын заңсыз аударғанын анықтады.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауға нұсқама жіберілді.

Қабылданған шаралармен 7 940 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат бюджетке толық көлемде қайтарылды.

Аудит материалдары ден қою шараларын және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.