2020 жылғы 17 қыркүйекте Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бейнеконференция байланысы арқылы мемлекеттік аудит саласында оқыту және халықаралық сертификаттар алу тәртібін талқылау бойынша семинар - кеңес өткізді, онда сондай-ақ орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және ҚР ІІМ полиция департаменттері ішкі аудит қызметтерінің 2020 жылғы 1 жарты жылдығы үшін жұмыс қорытындылары және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу тәртібі талқыланды.
Семинар-кеңеске ІАҚ, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің, Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ EY Бизнес Академиясы, ACCA Global компаниясы, «Қаржы академиясы» АҚ және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сияқты Кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру қызметтерін ұсынатын бірқатар компаниялар қатысты.
Аталған семинар-кеңесте мемлекеттік аудит саласында оқыту және халықаралық сертификаттар алу тәртібі, 2020 жылғы 1 жарты жылдығы үшін ІАҚ-ның жұмыс қорытындыларын талқылау, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу тәртібі жөніндегі мәселелер талқыланды.
Семинар-кеңестің нәтижелері бойынша барлық ІАҚ өз қызметіндегі кемшіліктерді жою және оларды олдырмау жөнінде ұсынымдар берілді, сондай-ақ қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде Комитет және ІАҚ өзара іс-қимыл регламентінің жобасын қарау және оған ұсыныстар енгізу ұсынылды.