Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Талгат Андасович Дуйсенбеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров ұжымға жаңа басшыны таныстырып, департамент қызметін күшейту жөнінде бірқатар міндеттер қойды, ұжымға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тіледі.
2023 жылдың тоғыз айында екінші деңгейдегі сапа бақылауымен 300 ІМАД аудит материалдары қамтылды, оның ішінде 29 (9,6%) аудит материалдары Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес келмейді.
2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша, Алматы қаласы бойынша, Жетісу және Ұлытау облыстары бойынша ІМАД-де Стандарттарға сәйкес келмейтін аудит материалдары жоқ.
Аудит материалдарын талқылау барысында барлық кезеңдердегі материалдардың сапасын бақылау бойынша тиісті жұмыстарды жақсартуға ұсыныс берілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жалпы құқық қолдану практикасын қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде комитеттің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметтерінің қызметіне апта сайын мониторинг жүргізеді.
Қаржылық бұзушылықтардың, сондай-ақ бюджет кірісіне салынған әкімшілік айыппұлдардың сомаларын өтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыс 2023 жылдың 9 айында әкімшілік айыппұлдар сомасын өндіріп алу бөлігінде ҚР ӘҚБтК нормаларын қолданудың оң динамикасын көрсетті, бұл көрсеткіш 96% -ды құрады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында сомасы 810 416 760 теңгеге 7766 іс қозғалып, 773 948 026 теңге өндірілді.
Ал 2022 жылдың 9 айында салынған айыппұл сомасы 614 471 894 теңгені құрап, 556 807 596 теңге өндірілді.
Атап айтқанда, 2023 жылдың 9 айында салынған айыппұлдар сомасы 2022 жылдың ұқсас кезеңінде салынған айыппұлдар сомасынан 32% - ға артық, ал бюджетке өндірілген айыппұлдар сомасы 39% - ды көрсетті.
Өндіріп алынбаған айыппұлдар сомасы 36 468 734 теңгені (4%) құрайды, бұл заңды күшіне енбеген немесе мәжбүрлеп өндіріп алудағы материалдар.
Әкімшілік практиканы тексеру мен мониторингті дербес жүргізу және бюджет кірісіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі шараларды күшейту бойынша жұмыс жалғасуда.
Ішкі мемлекеттік аудит органдары жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін одан әрі күшейту және арттыру мақсатында ҚР ӘҚБтК нормаларын және енгізілген түзетулерді неғұрлым толық зерделеу бойынша тұрақты түрде техникалық оқулар да жүргізіледі.
Есепті кезеңде барлығы 1 709 тексеру жүргізілді, , ал бюджет қаражаты 1,2 трлн. теңгеге аудитпен қамтылды.
194,4 млрд. теңгеге анықталған қаржылық бұзушылықтың 158,4 млрд. теңгесі немесе 81,4 % жойылды.
Атап айтқанда, 5,0 млрд. теңге бюджетке өтелді.
15,4 млрд. теңгеге әр түрлі жұмыстармен, қызметтермен және тауарларды жеткізумен қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 137,8 млрд. теңгеге бухгалтерлік есепке алу қателері жойылды.
Аудит объектілеріне 1724 ұсыным енгізілді. Олардың 1316 немесе 76% орындалды.
1551 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы 810,0 млн. теңгеге 7766 әкімшілік іс қозғалды, оның 95,2% - тен астамы яғни 774 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.
106 материал құқық қорғау органдарына берілді және олардың 75 бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Бұдан басқа, 10,0 трлн.теңгеге жуық мемлекеттік сатып алудың 353 мыңнан астам рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. 47 мыңға жуық рәсімде (13%) бұзушылықтар анықталып, қабылданған шаралармен олардың 93% жойылды (43,9 мың).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады.
Отырыс барысында Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Комитет қызметінің негізгі қорытындылары және департаменттердің рейтингтік бағалары, электрондық аудит, 2022 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері, сапаны бақылау, камералдық бақылау, аумақтық бөлімшелердің заң қызметінің жай-күйі туралы, сондай-ақ департаменттердегі орындаушылық тәртіп туралы баяндамалары тыңдалды.
Комитет төрағасы Е. Т. Мыңжасаров ағымдағы жылдың соңына дейін бірқатар міндеттер қойып, комитет қызметін жақсарту жөнінде тапсырмалар берді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметін нәтижесін қорытындылады.
БИЫЛ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІНДЕ 4000-НАН АСТАМ АРЫЗ ҚАРАЛДЫ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Оспан Әжібеков атап өтті.
Заң бұзушылықтардың алдын алу іс-шарасы аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау (камералдық бақылау) ерекше басымдыққа ие. Осы ретте Департаментпен камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жеке және заңды тұлғалардың 4 104 арыз-өтініштері қаралған. Оның ішінде 605-і толық қанағаттандырылып, 1 609-ы ішінара қанағаттандырылған. Ал 1 890 арыз өз дәлелін таппаған.
Жалпы анықталған бұзушылықтарды жою туралы 3 775 хабарлама жолданды. Атап айтсақ, хабарламалардың басым бөлігі конкурстық құжаттамада өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін артық талаптарды қойғандары үшін жолданған. Оның ішінде негізсіз түзілген қосымша келісім-шарттардың алдын алу бойынша 146 хабарлама, негізсіз бір көзден алу тәсілімен түзілуге жататын келісім-шарт бойынша 1 126 хабарлама жолданды, - деді Оспан Әжібеков.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында 2022-2023 жылдары жалпы 50 іс-шара аясында техникалық оқу жүргізілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы Рахымжан Дильдаев Алматы қаласы жергілікті мемлекеттік органдарының бизнес-қоғамдастықтар мен олардың өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған «Бірыңғай есеп күні» шарасына қатысты.
«Бірыңғай есеп күнін» жүргізу кәсіпкерлердің тұрақты қауіпсіз қызметін жүзеге асыруы үшін олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін болады және бизнес субъектілерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға ынталандырады.
Брифинг барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін бұзушылықтар, камералдық бақылауға дейін сатып алу қорытындыларына шағымдану, құрылыстағы рейтінгтік-балдық жүйе тиімділігін, бір көзден сатып алу негіздемелері туралы және т. б. сұрақтар көтерілді.
2023 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 47-бабы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне ІМАК аумақтық бөлімшелерінің атына 26055 шағым түсті, оның ішінде: - қанағаттандырылды-5449 шағым немесе 20%; -ішінара қанағаттандырылды-6983 шағым немесе 27%; - қанағаттандырудан бас тартылды - 13623 шағым немесе 53%.
Осылайша, БАҚ өкілдері мемлекеттік сатып алу мониторингіне белсенді қатысып, қатаң қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға үлестерін қосады.
6 қазан сағ. 12:00-де офлайн брифинг өтеді.
Өтетін орны: Жеңіс даңғылы 11 (ҚР Қаржы министрлігі ғимараты)
Брифинг тақырыбы: «Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау»
Спикерлер:
1. Ахметов Ренад Калидулович- ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төраға орынбасары
2. Омаров Асет Болатович ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Заң басқармасының басшысы
3. Бакишев Данияр Жаламанович- ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы
БАҚ өкілдерінің аккредитациясы және тақырып бойынша сұрақтар 5 қазан сағ. 18:00-ге дейін +7 747 267 19 10 WhatsApp нөміріне немесе s.pshembaeva@minfin.gov.kz электронды поштасына қабылданады.
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Мыңжасаров Ержан Тілекұлы Жетісу облысы халқымен кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметі бойынша өзекті мәселелері».
Кездесуде Жетісу облысы бойынша азаматтар, заңды тұлғалар мен аймақтың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Республикасы Заңнамалық нормаларын іске асыру және мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік аудитті жүргізу тәртібін хабарлау мақсатында тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізеді.
Азаматтар кездесуге белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.