Меню
Страницы

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті университет студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандарды ішкі мемлекеттік аудит органдарының қызметімен таныстыру, мемлекеттік қызметті насихаттау және жастардың қаржы-экономикалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын арттыру болды.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері ішкі мемлекеттік аудит органдарының негізгі міндеттері мен функциялары, мемлекеттік қызметтен өтудің ерекшеліктері, кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесіндегі кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы баяндады.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты