
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке – еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі.
Аталған мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылғы 18 қазандағы жарлыққа сәйкес, мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні болып жарияланды
Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүруде. Олардың барлығы заң алдында тең құқықтарға ие болып, ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұл – еліміздегі тұрақты қоғамдық жүйенің және тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі.
Қазақстан халқының бірлігі күні – барша қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін, ел болашағына деген сенімді нығайтатын мереке.