Меню
Страницы

СҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Ашық есік күні өтті

СҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Ашық есік күні өтті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және жастар арасында ерте кәсіби бағдар беруге бағытталған іс-шаралар жоспары аясында №12 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында оқушылар Департамент қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Атап айтқанда, қаржылық есептілік аудиті, сәйкестік аудиті, мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ әкімшілік іс қозғау жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік секторда жұмыс істеудің тиімді тұстары, жас мамандарды кәсіби қолдау шаралары және мансаптық өсу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты