
Қаржы Министрлігіне қарасты Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары үшін «Ашык есік күні» акциясын өткізді.
Басты мақсат - мемлекеттік қызметке орналасуды қалайтын жалынды жастарға мемлекеттік аудит жүйесі жұмысын кеңінен таныстыру және олардың елге қызмет етуге деген қызығушылығын арттыра отырып мемлекеттік аудиторлар қатарына қосылу жолдарын көрсету.
Комитет өкілдері мемлекеттік аудит қызметінің міндеттерін және бюджет қаражатын тиімді әрі нәтижелі іске жұмсаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар келген қатысушыларға Комитет жұмысындағы кейстер мен мысалдар ұсынылды. Осылайша жас мамандарға мемлекеттік органдар қызметін жақсартудағы рөлі таныстырылды.
Өз кезегінде ел игілігі үшін білім жиып жүрген магистранттар да түрлі талқылаулардан шет қалмай өз белсенділіктерін көрсетті. Ал комитет қызметкерлері жас мамандардың кәсіби мемлекеттік қызметші болуларына сәттілік тілеп, мемлекеттік аудитор маманы болуға шақырды.