
Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылға арналған камералдық бақылау қорытындылары тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушыларының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында 2025 жылғы камералдық бақылаудың қорытындылары таныстырылды. Департамент мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында камералдық бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады.
2025 жылы камералдық бақылаумен жалпы сомасы 421,3 млрд теңгені құрайтын 19 486 мемлекеттік сатып алу (лот) қамтылды.
Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жалпы сомасы 27,3 млрд теңгені құрайтын 1 160 хабарлама жолданды.
Камералдық бақылау бағыттары бөлінісінде:
бірінші бағыт – ашық конкурс: 271, екінші бағыт – ашық конкурс: 37,
баға ұсыныстарын сұрату тәсілі: 529, бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілі: 283, екінші бағыт – алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс: 1,
бірінші бағыт – аукцион: 2, бірінші бағыт – рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы конкурс: 32, екінші бағыт – рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы конкурс: 5.
Аталған бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тарапынан тиісті ден қою шаралары қабылдануда. Бұл шаралар алдын алу сипатында болып, бұзушылықтардың жолын кесуге, сондай-ақ сатып алуларды жүзеге асыру барысында заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Департамент мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында оларды мониторингтеу және талдау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.