
Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Павлодар облысының қаржы басқармасымен бірлесіп, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қатысуымен 2025 жылы қараша айында бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасына (бұдан әрі БО БДҚ) деректерді берудің толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ проблемалық мәселелер бойынша Павлодар облысының барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының қалалар мен аудандардың қаржы бөлімдерімен семинар-кеңес өткізілді.
Оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 22-тармағын қатаң сақтау туралы, сондай-ақ деректерді БО БДҚ-ға күнделікті негізде толық және уақтылы беру бойынша, сонымен бірге бақылауды күшейту туралы әрбір мемлекеттік органға жеткізілді.
Сонымен бірге, семинар-кеңес барысында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ өкілімен консультациялық көмек көрсетіліп, БО БДҚ-ға деректерді берудегі қиындықтар мен проблемалық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.