2025 жылғы 8 қазанда Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындыларын шығаруға, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлімшелердің қызметін талдауға, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу және камералдық бақылау жүргізу қағидаларындағы өзгерістерге арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша аудиттің Талдамалық құрамдас бөлігін күшейтуді және тәуекелге бағдарланған тәсілді дамытуды қоса алғанда, жылдың қалған кезеңіне арналған жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Сапаны бақылауды жүргізудің тиісті рәсімдерін жүргізу бөлігінде жұмысты жалғастыру. Бұзушылықтарды болдырмау мақсатында департаменттің аудиторлық материалдары бөлінісінде 2025 жылдың 9 айында 2-ші деңгейдегі сапаны бақылау қорытындыларын талдау.
Сондай-ақ, Департамент басшысы 2025 жылы аудиторлық рәсімдерді цифрландыру мен бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударылғанын атап өтті.