Меню
Страницы

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерімен семинар-кеңес өткізілді

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерімен семинар-кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылдың 9 айындағы Ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі – ІАҚ) қызмет қорытындылары және ішкі мемлекеттік аудитті жетілдіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдістемесі департаментінің және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ өкілдері семинар-кеңес қатысты.

Іс-шара барысында есепті кезеңде жүргізілген аудиттік іс-шаралардың қорытындылары, аудит материалдарының сапасын бақылау, ІАҚ қызметін бағалау және ІАҚ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша аудит қызметінің сапасын арттыруға, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін аудитпен қамтуды ұлғайтуға, аудит және қаржылық бақылау Кеңестерінің рөлін күшейтуге, аудит іс-шараларын жүргізу кезінде электронды форматты ұлғайтуға қолдануға бағытталған ұсыныстар берілді.

Ішкі аудит қызметтері арасында пікір алмасуға, проблемалық мәселелерді талқылауға және оларды шешуге арналған маңызды семинар-кеңес өткізілді. Ұсынылған ұсыныстарды іске асыру аудит сапасын арттыруға, мемлекеттік орган ішіндегі қаржылық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күнін мерекелеу орай, Ішкі аудит қызметтерін бөлек қызметер Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты