Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының, сондай-ақ Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген ішкі аудит жүргізу қағидаларының және Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және түсіндіру болды.
Комитеттің Заң басқармасының басшысы Асет Омаров қатысушыларға заң талаптарын қолдануда туындайтын өзекті мәселелер бойынша түсіндірме беріп, практикалық ұсыныстарымен бөлісті.