Меню
Страницы

Бюджеттің ашықтығын арттыру: Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ішкі мемлекеттік аудит бойынша семинардың қорытындысы

Бюджеттің ашықтығын арттыру: Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ішкі мемлекеттік аудит бойынша семинардың қорытындысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда бюджеттік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулін қолдану мәселелеріне, сондай-ақ камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жиі жіберілетін бұзушылықтарды талдауға арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Төлеген Омаровтың төрағалығымен өтті. Департаменттің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Александр Еремеев баяндама жасады.

Өткен жылдың қазан айынан бастап Департамент еңбекақы төлеу бойынша бюджеттік төлемдердің онлайн-мониторингін жүзеге асырады. Мониторинг білім беру, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және ішкі саясат салаларында жүргізіледі.

Жұмыс тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, тұрақты негізде жүргізіледі.

2025 жылғы қаңтар-22 қазан аралығында Департамент жалпы сомасы

1

468,0 млн теңгеге  5 063 төлем бойынша 371 әрекет ету хатын жолдады. Тәуекелдер 20,4 млн теңге сомасына төлемдер бойынша расталды, көрсетілген сома толығымен бюджетке аударылды.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша 2025 жылдың 10 айында мониторинг жүргізілді:

* білім беру саласында - 2,4 млн теңге сомасына 7 тәуекелдік төлем (тәуекелдер расталмады);

* спорт саласында-1,9 млн теңге сомасына 8 тәуекелдік төлем (тәуекелдер расталмады);

*

мәдениет саласында-64,0 млн теңге сомаға 278 тәуекелдік төлем, онда тәуекелдер бір жағдайда 143,3 мың теңге сомаға расталды; көрсетілген сома бюджетке толық көлемде аударылды.

Семинар жұмысына аудан бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, бухгалтерлер мен мамандар қатысты.

Отырыс барысында бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнамалық нормаларды іс жүзінде қолдану, мемлекеттік сатып алуды өткізу, сондай-ақ әкімшілік практика мәселелері талқыланды. Спикерлер туындаған барлық сұрақтарға толық жауап берді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты