Меню
Страницы

Консолидацияланған қаржылық есептілік аудиті аясындағы көшпелі кеңестер

Консолидацияланған қаржылық есептілік аудиті аясындағы көшпелі кеңестер

Қостанай облысында аудит мәселелері бойынша көшпелі кеңестер өткізілді

2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесіне сәйкес, 2025 жылғы 8–9 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті келесі мемлекеттік мекемелерде көшпелі кеңестер өткізді:

  • Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы
  • Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Кеңестердің мақсаты

Кеңестер консолидцияланған қаржылық есептілік аудитін жүргізу аясында ұйымдастырылып, бағынысты ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау сапасын арттыруға бағытталды.

Қатысушылар

Кеңестерге келесі тұлғалар қатысты:

  • Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері,
  • басқарма басшыларының орынбасарлары мен бөлім басшылары,
  • бағынысты мекемелердің директорлары мен бас бухгалтерлері.

Талқыланған негізгі мәселелер

Кездесулер барысында қаржылық есептілік аудитін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелері түсіндірілді. Мамандар қаржылық есептілікті дайындау және тапсыру бойынша өзекті сұрақтарына жауап алды.

Қорытынды мен ұсынымдар

Кеңес қорытындысы бойынша аудит объектілеріне келесі талаптарды сақтау бойынша ұсынымдар берілді:

  • «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы,
  • Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары.

Департамент бюджет қаражатын тиімді және ашық пайдалану мақсатында қаржылық есептілікті уақтылы әрі дұрыс қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты