
Айыртау ауданында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасарлары Қ.Қ.Досжановтың және Т. Ж. Омаровтың төрағалығымен "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулін қолдану және оны дамыту перспективалары мәселелері бойынша бюджеттік ұйымдардың қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Модуль 2024 жылғы 1 қарашадан бастап енгізілді және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйелерімен, Білім министрлігімен, сондай-ақ е-қызмет және Еңбек Кадрлық базаларымен интеграцияланған. Бұл онлайн режимінде жалақы бойынша төлемдерді бақылауға және талдауға мүмкіндік береді.
Мониторинг жеке тұлғалардың карточкалық шоттарына еңбекақы төлеу (жалақы, демалыс, сыйлықақылар және т.б.) түріндегі бюджет қаражатын артық аудару жағдайларының болуын көрсетті.
Семинарға ауданның бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бухгалтерлер мен мемлекеттік сатып алу мамандары қатысты