Меню
Страницы

Онлайн-мониторинг миллиондаған бұзушылықтарды анықтады: СҚО Жамбыл ауданында ден қою шаралары талқыланды

Онлайн-мониторинг миллиондаған бұзушылықтарды анықтады: СҚО Жамбыл ауданында ден қою шаралары талқыланды

Жамбыл ауданында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Т.Ж. Омаровтың төрағалығымен «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулін қолдану және оны дамыту перспективалары мәселелері бойынша бюджеттік ұйымдардың қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Аталған модуль 2024 жылғы 1 қарашадан бастап енгізіліп, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесімен, Білім министрлігінің деректерімен, сондай-ақ «е-Қызмет» және Еңбек кадрлық базаларымен интеграцияланған. Бұл жалақы бойынша төлемдерді онлайн режимде бақылауға және талдауға мүмкіндік береді.

Мониторинг нәтижелері бойынша жеке тұлғалардың карточкалық шоттарына еңбекақы (жалақы, демалыс ақылары, сыйлықақылар және т.б.) түрінде бюджет қаражатын артық аудару жағдайлары тіркелген.

Мұндай фактілер анықталған жағдайда мониторинг объектілері артық төленген қаражатты бюджетке қайтаруға міндетті. Ұйым тарапынан әрекетсіздік болған жағдайда, Департамент аудиторлық іс-шара тағайындап, қаржылық бақылау шараларын қабылдайды: нұсқамалар жібереді және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жалпы сомасы 1 099,2 млн теңгені құрайтын 4 255 төлем бойынша 237 әрекет ету хаты жолданды. Расталған тәуекелдердің сомасы 9,0 млн теңгені құрап, оның 6,8 млн теңгесі өтелді. Өтелмеген сома 1,9 млн теңге мөлшерінде қалды.

Семинарға аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бухгалтерлер және мемлекеттік сатып алу мамандары қатысты.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты