Меню
Страницы

Әлеуметтік сала бойынша жоспарлы тексеру

Әлеуметтік сала бойынша жоспарлы тексеру
 

2025 жылға арналған аудит нысандарының тізбесіне сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Г. Берниязованың қатысуымен Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жоспарлы тексеру жүргізілді.

Аудит келесі бағыттарды қамтыды:

  • бюджеттік қаражатты жұмсаудың негізділігі мен дұрыстығы;

  • қозғалуында қиындықтары бар І топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшілер қызметтерін көрсету тәртібі;

  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімдері;

  • мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету;

  • ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және ветеринария салаларында) отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек көрсету.

Аудит қорытындысы бойынша бөлімде Г. Берниязованың қатысуымен қорытынды жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар талқыланды, бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына толық жауаптар берілді. Сондай-ақ, жұмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен шаралар қаралды.

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджеттік қаражатты тиімді әрі ашық пайдалануды қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру бойынша жұмысын жалғастырады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері