Меню
Страницы

Полиция департаменті өкілдерінің Қостанай облысы бойынша ІМАД қызметкерлерімен кездесуі

Полиция департаменті өкілдерінің Қостанай облысы бойынша ІМАД қызметкерлерімен кездесуі

Қостанай облысы бойыншы ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкілі Жасулан Елжанович Молдагалиев Қостанай облысының полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен қызметкерлердің арасында әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.

Бұл семинарда Қостанай облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша басқарманың аға жедел өкілі, полиция подполковнигі Айгуль Кабденовна Ерадилова Департамент қызметкерлеріне облысымызда жүргізіліп жатқан есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл туралы баяндады.

Мысалы, 2023 жылы облысымызда 24 жағдай тіркелген, ал 2024 жылы көрсеткіш 86 дейін артқан. Тек Қостанай қаласында синтетикалық есірткі дайындайтын 4 жасырын есірткі зертханалары анықталған.

А.К. Ерадилова Қазақстан бойынша есірткі жағдайына да тоқтап өтті.

Екінші спикер Кайрат Жомартович Кеншимбаев, Қостанай облысы полиция департаментінің әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция майоры қызметкерлерге қоғамдық орындарда алкогольдік /нашақорлық/ мас жағдайда жүру, масаңдау күйде көлік құралын басқару және т.б. туралы ақпарат жеткізді.  

Мысалы, өткен уақыт ішінде мемлекеттік мекемелердің 1000 астам қызметкерлері әртүрлі құқықбұзушылық бойынша жауапкершіліктің әкімшілік түріне тартылған.

Сонымен бірге қоғамдық тәртіп, жол жүру ережелері саласында және т.б. бойынша Әкімшілік құқыбұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтып өтті.

Баяндамалар аяқталған соң спикерлерге сұрақтар қойылып, оларға жауаптар алынды.

Басшының орынбасары Ж.Е.Молдагалиев спикерлерге өткізілген кездесу үшін рақмет айтты және қызметкерлерге барлық заңнамалардың, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы жеткізді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты