
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкілі Жасулан Елжанович Молдагалиев Сарыкөл ауданы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне шықпалы кездесу өткізді. Семинар өткізу барысында тыңдаушыларға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың өзгерістері, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары жеткізілді.
Департаменттің 2024 жылғы қызметінің нәтижелері, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат айтылды.
Мысалы, құқыққорғау органдарына жолданған аудиторлық іс-шараның бірі бойынша бас есепші ҚР ҚК 189 б. 3 б. 1 т. бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,6 млн.теңге сомасында негізсіз жалақы төлегені үшін, 3 жылға бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, Департаменттің мемлекеттік сатып алу заңнамаларын, бухгалтерлік есеп жүргізуді бұзғаны және есеп беруді бұрмалағаны үшін, нұсқамаларды және хабарламаларды орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша көрсеткіштері көрсетілді.
Әкімшілік жауапкершілікке барлығы 233 адам тартылып, сомасы 38,2 млн.теңге айыппұл салынған, олардың 99 % төленген. Төленбеген сома (110760 теңге) сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындауға жолданған.
Ж.Е.Молдагалиев камералдық бақылау сұрақтарына бөлек тоқтады.
Мысалы, 2024 жылы Департаменттің камералдық бақылау бөлімімен 39,2 млрд.теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алулар рәсімдері бойынша бұзушылықтарды жоюға 1918 хабарлама жолданған.
Кездесу барысында тыңдаушылар сұрақтар қойып, оларға жауаптар берілді.
Осындай іс-шаралар Департамент қызметінің шеңберінде тұрақты түрде жүргізіледі.