Меню
Страницы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу. Мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлық стандарттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу. Мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлық стандарттары

Батыс Қазақстан облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Мейірбек Құлекешев "Бөрлі аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК-де "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу. Мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлық стандарттары" тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға Департаменттің мемлекеттік аудиторлары мен аудандық аурухана қызметкерлері қатысты.

Департамент басшысының орынбасары өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің алдында тұрған міндеттер туралы айтып, олардың қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол бақылау объектілерінде аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік аудиторлар "Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасы ережелерін" қатаң сақтауы тиіс екенін айтты. Бұл ережелер мемлекеттік аудиторлар үшін әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын белгілейді және олардың толық сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Семинар барысында қатысушылар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану үшін негіздерді қайта қарауға қатысты заңның жаңа ережелеріне ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Іс-шара соңында аудандық аурухана қызметкерлері арасында Ар-намыс кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді.

 
 
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты