Меню
Страницы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы маңызды өзгерістер талқыланды

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы маңызды өзгерістер талқыланды

Батыс Қазақстан Қоғамдық даму басқармасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің білімін жетілдіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Орал қаласы мен аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Асылбек Арыстанов баяндама жасап, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Атап айтқанда, Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтінін атап өтті.

Семинарға қатысушылар осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, спикер оларға толық жауап берді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты