
Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілінің қатысуымен Маңғыстау кәсіпкерлік палатасында Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 1 шілдеде «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңға қол қойылып, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жиынға Атамекен ӨКП-ның, Маңғыстау облысы қаржы басқармасының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
Мәселен, бұған дейін ескерту не сұрау жіберу 5 жұмыс күнінде қаралса, енді 2 жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Осыған ұқсас бірнеше бірнеше пунктінің қаралу мерзімі қысқарған.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға жаңа шектеулер де бар. Бұдан былай кәсіпкердің кешіктірілген және орындалмаған шарттық міндеттемелер бойынша күшіне енген сот шешімі болған жағдайда, мердігер мекеменің басшысы немесе құрылтайшысы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасаған жағдайда мемлекеттік сатып алуларға қатысуға тыйым салынатыны талқыланды.