Бас прокуратурада активтерді қайтару саласындағы озық тәжірибемен алмасу өтті

Бас прокуратурада активтерді қайтару саласындағы озық тәжірибемен алмасу өтті

Бас прокуратурада Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен активтерді қайтару саласындағы озық тәжірибемен алмасу бойынша Өңірлік кездесу өтті.        

Кездесуге Ұйымының Экономикалық-экологиялық өлшем жөніндегі үйлестірушісі - Елші Бақыт Жүсіпов, Молдова Республикасының сарапшысы Сергей Карапунарлы мырза және Орталық Азия елдерінің құзыретті органдарының өкілдері қатысты.

Қадағалау органы атынан қатысушыларға ілтипат білдіріп, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков активтерді қайтару мәселесін талқылауға көрсеткен қызығушылықтары үшін алғыс айтты.

Ұйым делегациясының басшысы Елші Бақыт Жүсіпов өз кезегінде өзара іс-қимылды бірлесіп дамытуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Молдова Республикасының Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығы мен Активтерді қайтару жөніндегі комитеті арасында бұған дейін қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында қатысқан Сергей Карапунарлы мырза активтерді тәркілеу және қайтарылған қаражатты басқару тетіктерімен таныстырды.

Орталық Азия елдерінің құзыретті органдарының өкілдері табысты кейстерімен және үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның соңында Комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков мазмұнды баяндамалар мен белсенді пікірталас үшін алғыс білдірді.

Мұндай кездесулер стандарттарды зерделеуге және активтерді қайтару тәсілдерін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.