
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесуде инвестицияларды салу активтердің пайда болуының заңдылығын дәлелдеу үшін елеулі өтінім ретінде қарастырылатынын атап өтті.
Осылайша, активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде 7 млрд теңгеден астам сомаға екі сауда-логистикалық орталық салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру басталды.
Аталған кешендердің құрылысы елдегі қойма үй-жайларының тапшылығын азайтады деп күтілуде, бұл халық үшін тауарлардың түпкілікті құнының төмендеуіне оң әсер етеді.
Аталған инвестициялық жобаларды іске асыру бюджетке салық түсімдерінің түсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған қосымша серпін болады.
Бүгінгі таңда жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.