
Активтерді қайтару жұмыстары шеңберінде Басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы құны 82 млрд теңгені құрайтын 48 обьектілер тапсырылды. Өз кезегінде Басқарушы компаниямен Астанадағы 473 млн теңгеге элиталық жылжымайтын мүлік және Алматыдағы 732 млн теңгеге азаматтық ғимарат сатылды, сондай-ақ Алматы қаласы және Жетісу облысындағы обьектілерді жалға беру туралы бірқатар келісімдер жасалды. Жалдаудан айына шамамен 80 млн теңгеге жуық кіріс күтіледі, алғашқы төлемдер де жүргізілді. Объектілерді сату және жалға беруден түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға әлеуметтік-экономикалық жобаларды одан әрі қаржыландыру мақсатында жіберілетін болады. Активтерді іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.